05 желтоқсан 2014 18:48

Мақсат Үсенов көлік жүргізу құқығынан тағы 9 айға айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсенов. Youtube.com сайтындағы видеоның кадры Мақсат Үсенов. Youtube.com сайтындағы видеоның кадры

Жол-көлік оқиғасын қайталағаны үшін Мақсат Үсенов көлік жүргізу құқығынан тағы тоғыз айға айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты. 


Жол-көлік оқиғасын қайталағаны үшін Мақсат Үсенов көлік жүргізу құқығынан тағы тоғыз айға айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет айтты. 

Оның айтуынша, Мақсат Үсенов ҚР ӘҚК 468-бабының 1-бөлігі бойынша жазаланды. Қаулыны 5 желтоқсан күні Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шығарды. "Көлік жүргізу құқығынан бұрын айырылғанын ескерген кезде құқығынан барлығы 2018 жылға дейін 3 жыл 9 айға айырылып отыр. Аталған бап бойынша сот ең жоғарғы жазаны белгіледі", - деді Ешімет. Оның айтуынша, Үсенов пен оның адвокатына шақыру қағазы берілді, бірақ олар келген жоқ. Сотталушы сот шешіміне шағым келтіре алады. 

Еске сала кетейік, Мақсат Үсенов Mercedes автокөлігімен қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, 38 жастағы әйел мінген Toyota RAV4-ке соғылды. Әйел бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді, ол сол күні ауруханадан шығарылды. Мақсат Үсеновтің өзі жол-көлік оқиғасынан соң көлік жүргізгенін жасырмақ болды. Ол жолаушы отыратын орынға ауысып алған, сол күні өткен сотта ол рульде басқа адамның отырғанын айтты. Мақсат Үсенов медициналық куәландырудан өтуден бас тартты. Сол үшін сот оған 20 тәулікке қамау жазасын берді, ол 15 қараша күнгі сағат 05.00-тен бастап есептелді. Мақсат Үсенов арнайы қабылдағыштан бүгін, 5 желтоқсан күні босатылды. 

2013 жылдың соңында Мақсат Үсенов BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен еді. Олардың бірі қайтыс болды. Бес адам жарақат алды. Бұл дерек бойынша іс сотқа жетпеді. Тараптардың ымыраласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды. Жол апатына кінәлі Үсенов зардап шеккендердің денсаулығына орта деңгейде зиян келтіргені үшін 45 тәулікке қамалып, 2018 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Шығынның өндірілуіне байланысты жәбірленуші тарап кінә қоюдан бас тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети