16 сәуір 2016 13:55

Маңғыстау облысында Интернет арқылы танысқан жігіт қызды зорлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. Иллюстрация.

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полицейлері 15 сәуірде Басқұдық ауылының 26 жастағы тұрғынынан оның зорланғаны туралы жазған арызын қабылдады, - деп хабарлайды Tumba.kz. Қыз жақында "Друг вокруг" мобильді қосымшасы арқылы жас жігітпен танысып, кейін жігіт оны кездесуге шақырған.

"Зардап шегушінің айтуынша, кездесу сол күні кешке болған, жігіт қыздың үйіне Lada маркалы автокөлікпен келіп, оны өзімен бірге алып кеткен", - делінген жарияланымда.

Полицейлердің айтуынша, сағат 00.30 шамасында қыздың жаңа танысы оны көліктің салонында зорлап, оқиға орнынан қашып кеткен. Жедел-іздестіру іс шаралары барысында Мұнайлы ауданының полицейлері арыз берушінің "досының" кім екенін анықтады, ол Бейнеу ауданы Сыңғырлау ауылының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети