Маңғыстау полицейлері Toyota Land Cruiser көлігін жүргізген мас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау полицейлері Toyota Land Cruiser көлігін жүргізген мас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Lada.kz.
Ер адам Маңғыстау облысы Құрық ауылында ұсталған. Полицияның мәліметінше, оқиға 19 ақпанда 21:30-да болған. Ер адам құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен қашпақ болған, алайда үйіне жеткен жерде ұсталған. Өңірдегі ІІД мәліметінше, мас жүргізуші тоқтаған кезде полиция көлігін соғып кете жаздаған.
"Құрық ауылында полицейлер Toyota Land Cruiser жүргізушісін қуалып, ұстаған. Ұсталған кезде оның ішімдікке мас болғаны анықталған. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңына сәйкес 608-баптың 3-бөлігіне сәйкес ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") хаттама толтырылды", - деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.