21 маусым 2019 13:41

Маңғыстау станциясының криминалдық полиция бөлімшесінің басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Маңғыстау станциясының криминалдық полиция бөлімшесінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап. 


Маңғыстау станциясының криминалдық полиция бөлімшесінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтеме жасап. 

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Маңғыстау станциясы желілік полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің басшысы мен жедел уәкілінің алдын ала сөз байласуымен адамдар тобында пара алу деректерін анықтаған. 

"Олар Алматы - Маңғыстау поезының бастығы мен бригадирінен жалпы қамқорлығы мен анықталған бұзушылықтарды жасырғаны үшін 120 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бөлімше басшысына қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада. 

Жедел уәкілдің кінәсін толық мойындауына байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Тергеу жалғасып жатыр. Кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети