13 желтоқсан 2014 18:30

Маңғыстауда 21 жастағы қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет lada.kz сайтынан алынды Сурет lada.kz сайтынан алынды

Маңғыстауда 21 жастағы қыз жоғалып кетті деп хабарлайды Lada.kz. Маңғыстау облысының құқыққорғау органындағылар Атамекен елді-мекенінен ұшты-күйлі жоғалып кеткен 21 жастағы қызды іздестіріп жатыр дейді Мұнайлы ауданының ішкі істер органындағылар.

Аталған құзырлы мекеме келтірген деректер бойынша, Өзбекстан Республикасының тумасы Жадыра Төреғалиева Атамекен елді-мекенінде тұрған, ол 9 желтоқсанда сағат 10.00-де үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған. Полиция мәліметі бойынша, қыздың жоғалу себебін анықтау үшін шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізіліп, оның туыстары, куәгерлер сұралған. Оны іздеуге полицияның барлық құрамы жұмылдырылып жатыр.

Жоғалған қыздың түр-тұрпаты: бойы - 165-170 см, шашы қысқа, қара түсті. Үстінде қара күртешесі мен қоңыр жемпірі болған. Көк шалбар, қара етік киген. Қолында Nokia қалта телефоны болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети