Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Маңғыстауда пойызға соғылған көліктің жүргізушісі шартты түрде жазаланды

13 Наурыз 2014, 20:17
0
©tengrinewstv
©tengrinewstv
"Маңғыстау облысында өткен жылы пойызға соғылған бензин тасымалдаушы көліктің жүргізушісі шартты түрде айыпталды", - деп хабарлайды Tengrinews.kz Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бензин тасмалдаушы көліктің жүргізушісі Сүндетов "Жол ережесін бұзғаны үшін және транспорттық көлікті пайдалану барысында абайсызда адам өліміне алып келу салдары" деген баппен екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады сотта.

Пойызға соғылғаны үшін бензин тасмалдаушы көліктің жүргізушісі Сүндетов жүргізуші куәлігінен айырылды. Дегенмен, шешім әлі заңды күшіне енген жоқ. Сондықтан да бұл іс бойынша Сүндетов Маңғыстау облысының апелляциялық сотына шағымдануы мүмкін. Айта кетейік, прокурор жүргізушіні 5 жылмен 10 жыл аралығында бас бостандығынан айырып, үш жыл көлемінде көлік жүргізу құқығынан айыруды сұраған.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың қараша айында Ақтау маңында мұнай құйылған цистерналар өртеніп кеткен болатын. Бұл оқиға өндіріс аймағының маңындағы теміржолда орын алған. Өрттің салдарынан мұнай құйылған жеті цистерна өртенген. Өрт бензин тасымалдайтын көлік пен пойыздың соғылуы салдарынан шыққан. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бензин тасымалдаушы көліктің жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен екен. Пойызды басқарып келе жатқан машинисттің көмекшісі сол жерде қайтыс болған. Ал машинисттің өзі ауыр жарақаттанып ауруханаға жеткізілген.





Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай