Маңғыстауда шенеунік пара ретінде кондиционер алған - Антикоррупциялық қызмет

15 Қазан, 10:56
0
Маңғыстауда шенеунік пара ретінде кондиционер алған - Антикоррупциялық қызмет - © orinfo.ru
© orinfo.ru

Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап. 

Маңғыстау облыстық Антикоррупциялық қызметі "Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатқаны айтылады. 

"Ол шетелдік жұмыс күшін тарту мәселесі бойынша комиссияның төрағасы бола тұра осы аталған мемлекеттік мекемедегі бөлім басшысынан пара ретінде кондиционер алды деген күдікке ілінді. 

Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында аталған ММ-нің шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысына қатысты облыс аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматтарға жұмыс визаларын кедергісіз бергені және ұзартқаны үшін бірнеше рет 500-ден 1000 долларға дейін пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Тергеу шаралары жалғасады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай