Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Мәскеуде қазақстандық жалған экстрасенстер ұсталды

28 Шілде 2014, 16:51
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Ресей астанасында Қазақстанның жалған экстрасенстері ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей Ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасына сілтеме жасап.

Мәскеу полицейлері экстрасенсорлық қызмет көрсетеміз деген желеумен азаматтардың ақшасын жымқырумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. "26 шілде күні Мәскеу қылмыстық іздестіру тыңшыларының Арнайы мақсат орталығымен бірге жедел ақпаратты іске асыруы барысында Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения елдері азаматтарынан құралған жалған экстрасенстер бандасының 27 мүшесі ұсталды. Жедел қызметкерлер олардың заңға қайшы әрекеттері туралы жарты жыл бойы дәлел жинады. Ұйымдасқан топ мүшелерінің телефон әңгімелері және жәбірленушілермен сөйлесуі күні-түні жазылып отырды", - делінген бас басқарманың сайтындағы хабарламада.

Қылмысты ұйымдастырушылар жақын республикалардан келген адамдардың ішінен өз пікірін дәлелдей білетіндерін, адамдардың сеніміне кіре білетіндерін іріктеп алып, call-орталыққа жалақысы аз жұмысқа орналастырған. Жалдамалы жұмысшылар сиқыршылар мен көріпкелдердің көмегіне мұқтаж адамдардың телефон қоңырауларына жауап беретін болған. Күдіктілер клиенттерді кеңсеге келіп, "экстрасенспен" жеке сөйлесуге де шақыратын болған, оның ақысы телефонмен кеңес бергеннен гөрі қымбат тұрады.

Жалған көріпкелдер өз қызметтерін телеарналар мен Интернет желілерінде жарнамалап келген. Топты 48 және 45 жастағы мәскеулік ерлі-зайыпты басқарған. Күдіктілер бір мезгілде сегіз мекенжайдан ұсталды. Сall-орталық операторларына күніне жүзге жуық қоңырау шалынғаны анықталды. Алаяқтардың әрекетінен, алдын ала мәлімет бойынша, 800 млн рубльден астам шығын келген.

Ұсталған азаматтарға қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-тармағы ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай