30 наурыз 2015 12:46

"Мега" орталығын "жарып жібермек" болған ақтөбелік 6 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ақтөбенің 29 жастағы тұрғыны "Мега-Ақтөбе" ойын-сауық орталығын "жарып жібермекші" болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған адамды ақтөбелік полицейлер бір сағатта ұстады, енді ол 6 жылға дейін сотталуы мүмкін.


Ақтөбенің 29 жастағы тұрғыны "Мега-Ақтөбе" ойын-сауық орталығын "жарып жібермекші" болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған адамды ақтөбелік полицейлер бір сағатта ұстады, енді ол 6 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурызға қараған түні жедел басқару орталығының "102" телефонына белгісіз адам хабарласып, "Мега-Ақтөбе" ойын-сауық орталығына жарылғыш заттың қойылғанын хабарлаған. Хабар түскеннен кейін оқиға орнына ІІД жедел тергеу тобы, "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісінің саперлері, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаментінің кезекші жасағы жіберілді, сондай-ақ қызметтік іздестіру иттері қолданылды.

"Арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдары келгенше Сазды полиция бөлімі мен ойын-сауық орталығының қауіпсіздік қызметінің өкілдері 20-ға жуық қызметкер мен бірнеше келушіні қауіпсіз жерге шығарды. Адамдарды қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін ІІД "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісінің саперлері қызметтік-іздестіру иттерін және қажетті құралдарды қолдану арқылы ғимараттың ішін және оған жақын аумақтарға тексеру жүргізіп, ешқандай жарылғыш затты таппады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, сол түні осы қылмысты жасады деген күдікпен 29 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Тергеу барысында күдікті жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпаратты бұзақылық ниетпен хабарлағанын мойындады. Ойын-сауық орталығына және мемлекетке келтірілген шығынның көлемі анықталып жатыр. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған баптың санкциясында 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жасасы қарастырылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети