04 сәуір 2017 17:23

Мектептегілер Алматы маңындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде өлтірілген қыз жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz © yvision.kz

Алматы облысындағы мектептердің бірінде "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде өлтiрiлген 17 жастағы қыз жайлы айтып берді. Мектептегілер қыздың биыл расында да 11-сыныпта оқығанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысындағы мектептердің бірінде "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде өлтiрiлген 17 жастағы қыз жайлы айтып берді. Мектептегілер қыздың биыл расында да 11-сыныпта оқығанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыз өте тәрбиелі болатын. Толық отбасында тәрбиеленген, отбасында төрт бала бар. Жақсы оқитын. Сабырлы, қарапайым қыз еді. Оған қатысты ешқандай жағымсыз әрекеттер байқалмайтын", - деді мектептегілер.

17 жастағы Әйгерім жақында туған ауылында жерленді. Оны соңғы сапарға шығарып салуға оның сыныптастары мен мұғалімдері барды.

Еске сала кетейік, 2 сәуірде Алматы облысында тұрғын үй кешендерінің бірінде 17 жастағы қыздың мәйіті табылғаны жайлы хабарланған болатын. ІІД өкілдерінің айтуынша, "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 2000 жылғы қыздың мәйіті табылған.

Ал 3 сәуірде 17 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ұсталған болатын. 1982 жылғы жергілікті тұрғын осы қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта ер адам Қарасай аудандық ІІБ-не жеткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети