16 наурыз 2018 11:38

Мемлекетке миллион доллар шығын келтірді деген күдіктілер Ресейде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда және Батыс Қазақстан облысында бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен іздеуде жүрген екі қазақстандық азамат Ресейде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Атырауда және Батыс Қазақстан облысында бюджеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен іздеуде жүрген екі қазақстандық азамат Ресейде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2018 жылдың наурыз айында Ресей федерациясынан Қазақстан Республикасына, Комиттің экономикалық тергеу қызметімен іздеуде жүрген Қазақстанның екі азаматы: Батыс-Қазақстан облысы бойынша азық-түлік тұрақтандыру фондын аймақтық қалыптастыру және Атырау қаласының он жағалауындағы су тазарту құрылыстарын салу бағдарламалары шеңберінде бөлінген бюджет қаражаттарын жымқырып, кейін Ресей аумағында жасырынған", - делінген ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

2017 жылы Ресей құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралар нәтижесінде күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

"Бұл адамдардың іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке келтірілген шығын мөлшері шамамен - 322 миллион теңге", - деді ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметінің өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети