Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мұхаммед Қамшыбектің оқиғасының алдын алуға болар еді - 2013 жылы ұрланған қыздың әкесі

24 Ақпан 2016, 23:57
0

Шымкентте 2013 жылы ұрланған Нұрай Өмірәлінің әкесі сол кезде ұрлаған адамды тапса, 6 жасар Мұхаммед Қамшыбектің басынан мұндай оқиға өтпес еді, дейді. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлайды.

"Сол кезде біздің қызымызды ұрлап әкеткен, біз арыз жазғанбыз, бірақ қызымыз табылғанда оқиғаға кімнің жауапты екенін қазбаламадық. Бастысы қызымыз аман-есен табылды. Егер полиция қызметкерлері қылмыскерді сол кезде тапса, Мұхаммедтің басынан өткен жағдайдың алдын алуға болар еді. Қызымның айтуынша, оны ұрлап кеткен әйел оған зорлық көрсетпепті. Тіпті Нұрайға оқуды және жазуды үйретіпті. Қызым өзіне ешкімнің тиіспегенін айтты", - деді қыздың әкесі Абай Исабай. 

Оның айтуынша, ұрланғаннан кейін қыздың психикасына зақым келмеген, дегенмен жақындарынсыз өткен 10 күн өз әсерін бермей қоймаған. Алайда қыз уақыт өте келе барлығын ұмытып кеткен. Қазіргі уақытта Нұрайдың туыстарынан ұсталған күдіктіге байланысты жауап алынып жатыр. 

Еске салайық, жоғалып кеткен Мұхаммед 23 ақпанда Арыстан табылды. Оның қасында 59 жастағы әйелдің болғаны анықталды. Оның түр-келбеті фотороботпен сәйкес келеді екен. Облыстық ІІД әйелдің ұсталып, оның үстінен "Адам ұрлау" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Кейін Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған әйел осыған дейін де бала ұрлаумен айналысқанын мойындаған еді. Ал сол кезде 5 жасар Нұрай Өмірәлі де ұрланған болатын. Абырой болғанда, 10 күн ішінде қыз табылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай