03 шілде 2014 16:22

Мұнайдың заңсыз айналымы бойынша 13 адам сотталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Ақтөбеде мұнайдың заңсыз айналымы үшін 13 адам сотталады, - деп хабарлайды "Мой город" облыс прокуратурасына сілтеме жасап.


Ақтөбеде мұнайдың заңсыз айналымы үшін 13 адам сотталады, - деп хабарлайды "Мой город" облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

2014 жылдың басынан бері Ақтөбе облысында мұнай ұрлығы деректері бойынша 31 қылмыстық іс қозғалған. Мұнайдың заңсыз айналымынан келген жалпы шығын көлемі 190 млн теңге болды. Прокуратураның екінші басқармасының мәліметінше, 2014 жылы қозғалған қылмыстық істердің 10-ы сотқа жолданды. Күдіктілердің саны - 13 адам.

Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, соңғы үш жыл ішінде Ақтөбе облысында мұнайдың заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар санының айтарлықтай көбейгені байқалады. 2013 жылы 115 дерек анықталды. Ал 2011 жылы 23 қылмыс тіркелген. 

Биыл Ақтөбе облысының соттары мұнайдың заңсыз айналымы мен ұрлық деректері бойынша үш адамды соттады. Мемлекеттің пайдасына төрт мұнай тасушы көлік, жалпы құны 14 млн теңгеден асатын 186 тоннадан астам мұнай өнімі тәркіленді. Еске сала кетейік, маусым айының басында Ақтөбе облысында жұмысы тоқтатылған мұнай кеніштерінен шикізат ұрлаумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ залалсыздандырылған еді. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 2013 жылы және билығы бес ай ішінде бұл салада 371 қылмыстық іс тіркелген. Оңтүстік Қазақстан облысында "Құмкөл - Павлодар - Шымкент" арналы құбырынан мұнай ұрлаған 17 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолы кесілді. Олардың бәрі сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети