16 наурыз 2018 12:35

Мұратхан Тоқмәдиге Тәтішевті өлтіргені үшін сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мұратхан Тоқмәдиге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгін Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Мұратхан Тоқмәдиге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"10 жыл және алты ай қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде өтесін. 15 күн ішінде сот шешіміне қатысты шағым түсіруге болады", - деп оқыды үкімді судья Азамат Тілепов.

Айта кетейік, сот бір ай уақытқа созылды. Осы уақытқа дейін 50 куәгер тыңдалды, олардың ішінде шетелдік мамандар да бар. Сонымен қатар, сот кезінде оқтың көліктің артқы орындығынан атылғанын дәлелдейтін көптеген сараптама қорытындылары келтірілді. Іс жалпы 79 томнан тұрады. 

Бизнесмен ҚР ҚК-нің 96-бабы 2-тарауының ж, 3 тармақтары бойынша айыпталды.  

Прокурор Тоқмәдиді 12 жылға соттап, жасалған сараптамалар үшін одан 356 000 теңге өндіріп алуды сұраған. Ал адвокат он жылдан аз беруін сұраған. 

Мұның алдында сот ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтан Тоқмәди ісі бойынша БАҚ-тың қатысуынсыз жауап алған болатын. 

Қазақстанның ҰҚК өкілдерінің мәліметінше, Мұхтар Әблязовтің тапсырысымен "Банк Тұран Әлем" АҚ басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіруге күдікті Мұратхан Тоқмәди 2018 жылдың 8 наурызында сағат 19:20-да Жамбыл облыстық ауруханасынан қашуға тырысқан. Алайда ол жедел түрде Тараздан ұсталып, Жамбыл облыстық ІІД-нің тергеу абақтысына қамалған.  

Бизнесмен Мұратхан Тоқмәди 2017 жылдың маусымында қамауға алынған болатын. Алматының Алмалы аудандық соты оны қару-жарақ пен жарылғыш заттарды сатып алғаны, сатқаны, сақтағаны үшін айыпты деп таныды. 2017 жыл 10 қазанда ол 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бизнесмен Мұратхан Тоқмадидің ісі ақпан ортасында басталды. Айыпкердің өзі банкир Ержан Тәтішевті өлтіргенін толық мойындады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети