11 мамыр 2019 10:58

Нұр-Сұлтанда аккумулятор ұрлаған күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akb-moscow.ru © akb-moscow.ru

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері бірнеше аккумуляторды қолды қылған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері бірнеше аккумуляторды қолды қылған күдіктілерді ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Соңғы уақытта азаматтардан аккумулятор ұрлығы туралы полицияға арыздар жиі келген. Ұрлық түнгі мезгілде, әсіресе дабыл белгісі жоқ автокөліктерден болған. 

Криминалдық полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде екі күдікті ұсталды.

"Қазіргі таңда "ұрлық" бабы бойынша тергеу жүргізілуде, заттай айғақ тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктілердің бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстығы тексерілуде. Аталған азаматтардың заңға қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне жүгінулерін немесе 8 (7172)  8 (7172) 71-60-24, 71-61-07,  немесе "102" телефондарына хабарласуларын сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Полицейлер азаматтарды өз мүлкіне ұрылардың әрекетінен сақ болуды ескертеді. Автокөліктерін арнайы дабыл белгісімен жабдықтап, күзетілетін қауіпсіз аумаққа қоюды сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети