27 ақпан 2020 16:23

Астаналық тұрғын алғаш рет өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда автокөлікті мас күйде айдаған тұрғын өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылды. Мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Нұр-Сұлтандағы Есіл ауданы № 2 сотының 2020 жылы 27 ақпанда алкогольді ішімдік ішкен автокөлік тізгіндеген Б. есімді азаматқа қатысты үкім шықты. 2014 және 2017 жылдары мас күйде автокөлік айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. 2017 жылы куәлігінен 6 жылға айырылған", - делінген хабарламада. 

2020 жылы 31 қаңтарда ер адам орташа ауырлық деңгейінде мас күйде көлік жүргізген. Жол полициясы тоқтатқан кезде ол қашып кетпек болған. 

Сот үкімімен ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети