Нұр-Сұлтанда ер адам жеке үйлерді тонады деген күдікпен ұсталды

27 Мамыр, 16:56
1
Нұр-Сұлтанда ер адам жеке үйлерді тонады деген күдікпен ұсталды - © ru.oxu.az
© ru.oxu.az

Нұр-Сұлтан қаласының криминалдық полицейлері жеке үйлерді тонады деген күдікпен бұрындары сотталған Ақмола облысының 33 жастағы ер адамды  ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Елорданың "102" кезекші бөліміне қоңырау шалған қала тұрғыны белгісіз ер адамның үйден ақша салынған сөмкені алып кеткенін айтқан. Әйел адамның айтуынша, үйдің ішінде басқа біреулердің қадамдарын естіген, сосын ақша салынған ер адамның сөмкені ұстап, үйден қашып кеткенін көріп қалған. Жолдасы жұмысқа ерте кеткен, есікті құлыптамаған", - делінген хабарламада.  

Шақыруға келген полиция қызметкерлері бірнеше минут ішінде күдіктіні ұстады. Айғақты заттар тәркіленіп, ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

Тергеу барысында ұсталған азаматтың тағы да бірнеше ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ақшалай қаражат, алтын және әшкей бұйымдары олжа болды.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның астана аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

"Осы адамның құқыққа қарсы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Нұр-Сұлтан полиция департаментіне мына мекен-жай бойынша (Бейбітшілік, 19) немесе 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69 немесе "102"телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай