27 наурыз 2018 16:56

ОҚО-да 15 жастағы бала екі жасөспірімді пышақтаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімге қатысты адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, ауылдардың бірінде жасөспірімдер арасында төбелес шыққан. 

"15 жастағы бала 16 жастағы екі жасөспірімге пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан белгісіз бағытта қашып кеткен. Сол күні жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 2002 жылғы күдіктіні көрші ауылдан ұстады", - деді ІІД өкілдері.

Жасөспірімге қатысты адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдікті жасөспірім қамауға алынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети