19 наурыз 2018 14:21

ОҚО-да 3 миллион теңгенің әжетханасын таныстырған әкім пара алғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

3 миллион теңгенің әжетханасын таныстырған Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


3 миллион теңгенің әжетханасын таныстырған Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының әкімі Байдуалы Базарбаев пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мақтаарал аудандық соты Базарбаевты 200 мың теңге пара алғаны үшін айыпты деп танып, оған 12 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

2018 жылдың қаңтар айында жергілікті балабақшадағы 125 балаға бюджеттен ақша бөлінген. Бірақ тексеріс барысында балабақшада тек 75 бала бар екені, қалған 50 бала жоқ екенін анықталған. Балабақша өкілдері 50 баланың жоқтығын тексерушілер олардың сол сәтте ауырып жатқандарымен түсіндірген.

Ауыл әкімі өз кезегінде 125 баланың ақшасын аударататынын, бірақ ол қаражаттан 500 мың теңгенің қайтарылу керектігін айтады. Кейінірек бұл соманы 200 мың теңгеге азайтқан.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 3 наурызында Байдуалы Базарбаев 200 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұсталған болатын. Қала басшысы 13 миллион 500 мың теңге тұратын үйін кепілге қойып, бостандыққа шыққан.

Айта кетсек, 2017 жылдың қаңтарында Байдуалы Базарбаев Жетісайдағы заманауи қоғамдық әжетхананың ашылу салтанатына қатысқан еді. Нысан үш миллион теңгеден аса қаражатқа салынған. Сол кезде қолданушылар мұндай қымбаттылығына мән берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети