02 қазан 2017 11:07

ОҚО-да алаяқтық пен қарақшылық жасады деген күдікпен жалған полицей ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО ІІД баспасөз қызметі © ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Шымкентте тәртіп сақшылары алаяқтық пен қарақшылық жасады деген күдікпен өзін полицеймін деп таныстырған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте тәртіп сақшылары алаяқтық пен қарақшылық жасады деген күдікпен өзін полицеймін деп таныстырған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

27 қыркүйекте Шымкент қалалық ІІД әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне 30 жастағы әйел өзін полиция қызметкері етіп таныстырған белгісіз ер адамның оның дүкеніне кіріп, қорқытып, сатылымға қойылған екі ұялы телеофон мен тауарларды алып кеткенін хабарлаған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша  Шымкент қалалық ІІБ әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесінің бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында әл-Фараби ауданының полиция қызметкерлері Шымкенттің 1983 жылғы тұрғынын ұстады.


© ОҚО ІІД баспасөз қызметі

Тергеу мәліметінше, өзін полицей етіп таныстырып жүрген ер адамның 4 тонау және алаяқтық деректеріне қатысы бар. 34 жастағы ер адам қала көшелерінің бірінде жасөспірімнің смарт-сағатын тартып алып, оқиға орнынан жасырынған.

Қазіргі уақытта заттай дәлелдер тәркіленді. Күдікті қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") және 191-бабы ("Тонау")бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети