ОҚО-да бала ұрлаған әйел екі айға қамауға алынды

25 Ақпан 2016, 22:30
0
ОҚО-да бала ұрлаған әйел екі айға қамауға алынды -

Оңтүстік Қазақстан облысында Ордабасы ауандық соты балаларды ұрлап әкеткен әйелді екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдегі ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Еске салайық, жоғалып кеткен Мұхаммед 23 ақпанда Арыстан табылды. Оның қасында 59 жастағы әйелдің болғаны анықталды. Оның түр-келбеті фотороботпен сәйкес келеді екен. Облыстық ІІД әйелдің ұсталып, оның үстінен "Адам ұрлау" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Кейін Мұхаммед Қамшыбекті ұрлаған әйел осыған дейін де бала ұрлаумен айналысқанын мойындаған еді. Ал сол кезде 5 жасар Нұрай Өмірәлі де ұрланған болатын. Абырой болғанда, 10 күн ішінде қыз табылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай