19 қыркүйек 2017 09:34

ОҚО-да бірқатар шенеунік парамен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Сәтжан Полатов пен осы ұйымның аудандық бөлімшелерінің жетекшілері Мақсат Қарақұлов пен Әділжан Мақатайдың қылмысын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Күдіктілер "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыссыз азаматтарды кәсіпке дайындау және қайта дайындау бойынша мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын жасасу үшін заңды тұлғалардан бопсалау жолымен жүйелі түрде пара алып отырған. Қылмыстық жоспар 2016-2017 жылдарда жасалған. Пара сомасы келісімшарт сомасының 20-дан 30 пайызға дейінгі мөлшері болған, ақшалай есептегенде 3-тен 20 миллион теңгеге дейін барған", - делінген хабарламада.

15 қыркүйекте Полатов, Қарақұлов және Мақатай жалпы сомасы 6,4 миллион теңге параның кезекті бөлігін алып жатқан жерінен ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібінде ұсталып, Шымкент қалалық ІІД-нің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 18 қыркүйекте күдіктілер сот санкциясымен қамауға алынды. Соталды тергеу жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети