14 ақпан 2017 17:00

ОҚО-да екі адамды шауып өлтіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sputnik © Sputnik

ОҚО Мақтарал ауданындағы ауылдардың бірінде адам қолынан көз жұмған ер мен әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ОҚО Мақтарал ауданындағы ауылдардың бірінде адам қолынан көз жұмған ер мен әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2017 жылдың 13 ақпанында Мақтарал АІІБ-ге адамдардың денесі табылған жайлы хабарлама келіп түсті. "Оқиға орнына жедел тергеу тобы жөнелтілді. Криминалист мамандар адамдардың денелерінің шабылғандығын анықтады", - дейді полицейлер.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәліметі бойынша, көз жұмғандар 1958 және 1966 жылы туған жергілікті тұрғындар. "Аталған дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілерді ұстауға бағытталған барлық шара іске асырылып жатыр", - дейді ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети