21 желтоқсан 2017 11:13

ОҚО-да екі баланың анасы өлі табылды: Бес уақыт намаз оқитын күйеуі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да екі баланың анасы өлі табылды, - деп хабарлайды Отырар TV.


ОҚО-да екі баланың анасы өлі табылды, - деп хабарлайды Отырар TV.

Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының тұрғыны 3 жыл бұрын үйленген жарын аямай соққыға жығып, өлтірген. Бұл мәлімдемені марқұм келіншектің туыстары айтып отыр. Олардың айтуынша, бес уақыт намаз оқыған отағасы жат ағымға кіріп кеткен. 

Ал марқұмның оқиғадан кейінгі суреттерін көрген туыстары қызымыз қиналып өлген деп отыр. Сөйтіп денені сараптамадан қайтадан өткізіп, күйеу балаларының сорақы әрекетін сотта дәлелдемек. Үнемі жұбайының тепкісінің астында қалатын келіншек төркініне талай барып, көмек те сұрапты. Осы жылдың қаңтар айында әйелге белгісіз азаматша хабарласып, өзін күйеуінің көңілдесімін деп таныстырған. Бұл қоңыраудан кейін Жұлдыз күйеуіне хабарласыпты. Отағасы көңілдесі бар екенін жасырмай, әйелінен үйден жақсылықпен кетуін талап етеді. Кейін азаматшаның денесі қорадан табылған.

Алайда сот-медициналық сараптамадан келіншектің механикалық асфиксиядан өлген деген қорытынды жасалған.

Марқұмның туыстары болса бұл қорытындымен келіспей, денені эксгумациялауды талап еткен.

"Қызымды асылап өлді деп жалған айтып отыр. Ұрып өлтірген. Буындырған. Сүйреген, арқасын осып-осып жіберген. Қызым қайтыс болар күні хабарласып, күйеуімнің ойнасы хабарласты деді. "Үйден кет" деп қорқытып жатыр дейді. Кейін өлгені туралы хабар келді. Күйеу балам бес уақыт намаз оқиды. Ол "уахабист". Сондықтан осындай қылыққа барып отыр", - дейді марқұмның анасы Иззатай Мәуленқұлова.

Ал марқұмның күйеуінің жақындары бұл айыппен келіспейді. Туыстары марқұм келіншектің өзі дарға асылып қалғанын алға тартып отыр. Ал қайғылы оқиға болған күні хабарласқан күйеуінің ашынасының болуын кез келген еркекке тән әдеп деп санайды.

"Менің інім ешкімді өлтірмеді. Әйелі өзі асылып қалған. Мұны көршілер де растап бере алады. Ал ашынасы болуы кез келген еркекке тән қылық шығар? Көңілдесі бар екен деп әйелдердің барлығы асылып қала берсе не болмақ?", - дейді күдіктінің туысы Маулиддин Мухиддинов.

Оқиғадан кейін 9 ай өткенде ғана күйеуі қамауға алынған. Қосымша сараптама жүргізіліп, дене эксгумацияланғаннан кейін іс "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабынан "Адам өлтіру" бабына ауыстырылған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында екен. Тергеу жалғасып жатыр. Ал әйелдің артында кәмелетке толмаған екі баласы қалған. Ата-анасының қарауынсыз қалған баланың үлкені екіден асқан, екіншісі бір жасар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети