28 қараша 2014 | 19:56

ОҚО-да парадан бас тартқаны үшін прокурорға сыйақы берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: news.nur.kz Сурет: news.nur.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында пара беру туралы фактіні айтқаны үшін прокурорға сыйақы берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында пара беру туралы фактіні айтқаны үшін прокурорға сыйақы берілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ОҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2014 жылдың 26 қарашасында ОҚО прокуратурасының басшылығына Арнайы прокурорлар басқармасының аға прокуроры Құлбаев ұялы телефон арқылы бір азаматтың хабарласып, өзіне қатысты қылмыстық істің оң шешімін табуы үшін кездесу ұсынып, алаяқтып әрекет жасағанын айтқан. 

Дәл сол күні шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, прокуратураның қызметтік бөлмесінде 10 мың доллар көлемінде ақшалай пара беріп жатқан азамат ұсталды. 

Тұтқынға түскен азамат ОҚО прокуратурасы облыстық онкологиялық диспансерді қайта жөндеу үшін  бөлінген бюджеттік қаражатты заңсыз ұрлап, жаратқан деген іс бойынша куәгер ретінде тексеруден өтіп жатыр. 

Пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.  

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети