19 қазан 2017 12:41

ОҚО-дан келген бес ер адам алматылықты ұрлап әкетіп, 500 мың теңге талап еткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© twitter.com © twitter.com

Полиция қызметкерлері ОҚО-дан келген бес жұмыссыз ер адамды Алматы тұрғынын ұрлады деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Полиция қызметкерлері ОҚО-дан келген бес жұмыссыз ер адамды Алматы тұрғынын ұрлады деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Талғар АІІДБ кезекші бөліміне ер адам ағасының ұрланғаны жайлы және ол үшін белгісіз біреулердің 500 мың теңге көлемінде талап етіп отырғаны және оның дәл сол уақытта қаскөйлерге ақшаны апара жатқаны туралы хабарлаған. 

"Ұрланған адамның бір туысы 450 мың теңгені қылмыскерлердің біріне берген. Сосын ол аулалар арқылы ізім-ғайып жоғалып еткен. Осы дерекке қатысты жедел ұстай жоспары жарияланып, күдіктілердің барлығы ұсталған. Ұсталған сәтте олардан 450 мың теңге тәркіленген", - деді ІІ өкілдері. 

Күдіктілердің жасы 21-ден 27-ге дейін. Олар өз кінәсын мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы ("Адамды ұрлау") бойынша жүргізіліп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети