16 ақпан 2017 14:54

ОҚО тұрғындары Алматыдағы фотозертхананы тонаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ІІБ баспасөз қызметінен © ІІБ баспасөз қызметінен

Алматы қаласы Бостандық ауданының полицейлері жекеменшік кеңсені тонаған екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы қаласы Бостандық ауданының полицейлері жекеменшік кеңсені тонаған екі адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ұсталғандар 1997 жылы туған Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. Күдіктілердің айтуынша, олар ұрлыққа ақшадан қысылғандықтан барған. Тергеу олардың тұрақты табысы жоғын анықтады", - дейді Бостандық ІІБ полиция бөлімшесінің басшысы подполковник Дінмұхамед Әуелхан. 

Оның сөзінше, ұсталғандар кінәсін толық мойындады. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде ұсталғандардың өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

"Күдіктілер кеңсеге ешкім жоқ кезде кіріп, ондағы қаржы мен техниканы (ноутбук, компьютер, процессорлар, флешкалар мен тағы да сол сияқтылар) алып шыққан. Күдіктілердің қолынан зардап шеккен азаматтарды 298-52-80 және 298-52-81 телефондары арқылы хабарласуын сұраймыз", - дейді полицей. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети