22 сәуір 2016 11:15

ОҚО тұрғыны сал ауруына шалдыққан анасын ұрып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының 37 жастағы тұрғыны мас күйінде сал ауруына шалдыққан анасын ұрып өлтірген, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.


Оңтүстік Қазақстан облысының 37 жастағы тұрғыны мас күйінде сал ауруына шалдыққан анасын ұрып өлтірген, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Жантүршігерлік оқиға 17 сәуірде Амансай ауылында болған. Оның балалары бастапқыда анасын созылмалы аурудан қайтыс болды деп ойлаған, бірақ туыстарының бұдан күмәнданып, сот-медициналық сараптама жүргізуді талап етеді. Сөйтсе, сараптама қорытындысы бойынша 62 жастағы әйелдің қатты соққыдан қаза болғаны анықталған. Анасының өліміне қатысы бар деген күдікпен әйелдің алты баласының бірі ұсталды.

Тергеу мәліметінше, 37 жастағы ер адам сол күні ішімдік ішкеннен кейін анасына қонаққа барады. Төсек тартып жатқан анасы баласының маскүнемдігінен шаршап, оған ұрсып тастайды, содан баласы оны аяусыз соққыға жыққан. 

Мәйітті сою нәтижесінде өлген әйелдің қабырғаларының сынғаны анықталды. "Күдікті анасының кеудесіне, басына және бетіне қолымен және аяғымен бірнеше рет соққы жасаған. Алған жарақатынан әйел қаза болды. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйелдің ішкі ағзаларына қан құйылғаннан қайтыс болғаны анықталды", - деді прокурор Азат Тілеужанқызы. 

ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша ("Адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Анасының өліміне күдікті 20 сәуірде қамауға алынды. Сот залында ер адам қылмысын мойындады. Оның әйелі мен екі баласы бар екендігі де мәлім.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети