Оқушылардың бір қызды тізерлетіп кешірім сұратуы түсірілген видеоға байланысты қылмыстық іс қозғалды

13 Шілде 2015, 11:56
0
Оқушылардың бір қызды тізерлетіп кешірім сұратуы түсірілген видеоға байланысты қылмыстық іс қозғалды - ©YouTube кадры
©YouTube кадры

ІІМ оқушылардың бір қызды тізерлетіп кешірім сұратуы түсірілген видеоға байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл бейнеролик 2014 жылдың шілде айында түсірілген. Осы дерек бойынша, Ақтөбе облысының ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады, роликтегілердің аты-жөні белгілі болды", - делінген ведомство хабарламасында.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, тексеріс жүргізіліп болғаннан кейін заң бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 

Еске салайық, 12 маусымда "ВКонтакте" әлеуметтік желісі мен YouTube ресурсында аты-жөні белгісіз оқушы қыздардың видеосы таралды. Видео авторлары бір қызды тізерлеп отырғызып, кешірім сұратады. Оқиға саябаққа ұқсайтын жерде болады. Олар былапыт сөз айтып, оны ұрып-соғатынын айтады.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай