Өлім аузынан қалды. Әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өлім аузынан қалды. Әйелге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды Бейнеден алынған кадр

Алматы облысының полициясы көшеде әйелге шабуыл жасап, оны буындыруға әрекеттенген ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының полициясы көшеде әйелге шабуыл жасап, оны буындыруға әрекеттенген ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Алаңдатарлық оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан көшеде ер адам, ал оның артында сөмке ұстаған әйел келе жатқанын көруге болады. Бір сәтте ер адам кері бұрылып, әйелге жақындап, оны ұстап алады да, екеуінің арасында арпалыс басталады. Әйел жұлынып шығып, сөмкелерін тастай салып, қаша жөнеледі. Шабуыл жасаған ер адам қарама-қарсы бағытқа қарай қашады.

Бейнежазба сипаттамасында оқиға 6 маусымда сағат 20:05 шамасында Шамалған ауылында, өзен маңында болғаны айтылған.

"Белгісіз біреу әйелге шабуыл жасап, оны жіппен буындырмақ болған", - делінген жазбада.

Полиция не дейді?

Алматы облыстық полиция департаменті әйелге жасалған шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті әлі ұсталған жоқ, іздестіріліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда аялдамада ер адам өзіне бейтаныс әйелге шабуыл жасап, оны аяусыз соққыға жыққан болатын. Полиция шабуылдаушыны анықтап, ұстады. Ол бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны болып шықты. Кейін 2018 жылы күдікті шизофрения белгілері бар өткір полиморфты психотикалық бұзылыспен ауырғаны белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.83   565.71   6.8 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +19
Ақтау +20
Ақтөбе +16
Атырау +23
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +14
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +26
П
Павлодар +17
Петропавл +21
С
Семей +21
Т
Талдықорған +18
Тараз +24
Түркістан +18
О
Орал +16
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер