06 қаңтар 2016 17:38

Оңтүстік Қазақстанда бетперде киген үш адам көлікті тонап, өртеп кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newstes.ru © newstes.ru

Өткен мерекелік демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД полицейлері облыс аумағында болған қарақшылық шабуыл деректерінің бетін ашты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өткен мерекелік демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД полицейлері облыс аумағында болған қарақшылық шабуыл деректерінің бетін ашты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сарыағаш ауданында полицейлер автокөлік жүргізушісіне шабуыл жасады деген күдікпен үш жас жігітті ұстады. 30 желтоқсан күні түнде Сарыағаш АІІБ кезекші бөліміне, Абай-Шардара тас жолының бойында қарақшылық шабуыл жасалғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы сағат 21.40 шамасында "ВАЗ-2106" автокөлігінің жәбірленуші басқарған Toyota Camry автомобилінің алдын кесіп өтіп, тоқтатып, автокөліктен бетперде киген үш адамнын түсіп, жәбірленушіге күш қолданып және қарумен қорқытып, ұрып-соғып, байлап тастағанын және 5 миллион теңге ақшасын, ноутбук пен iPhone ұялы телефонын алып кеткенін анықтады.

Сонымен қатар, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан ҚІІБ қызметкерлері Түркістан қаласының аумағында қарақшылық шабуылдар жасады деген күдікпен алты адамнан құралған қылмыстық топты ұстады. Қарақшылық шабуыл деректерінің біріне сенсек, бетперде киген төрт адам зардап шегушінің үйіне баса-көктеп кіріп, күш қолданып және қарумен қорқытып, ақшасын, зергерлік бұйымдары мен ұялы телефонын алып кеткен. Жәбірленушіге 300 мың теңгеден астам шығын келді.

Түркістан ҚІІБ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1992, 1994 және 1997 жылдары туылған Түркістан қаласының 6 тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Ұсталған алты күдікті қазір кінәларын толық мойындап отыр. Тергеу барысында ұсталған күдіктілердің үш қарақшылық жасау дерегіне қатыстылығы анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығынның көлемі жарты миллион теңгеден астам қаржыны құрап отыр. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақ заттар тәркіленді. 

Сонымен қатар, тағы да бір қарақшылық шабуыл жасаушы топ Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданында ұсталды. "26 желтоқсан күні Түлкібас АІІБ кезекші бөліміне Тұрар Рысқұлов ауылында қарақшылық шабуылдың жасалғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер, сағат 14.40 шамасында бетперде киген екі адамның кеңсеге баса-көктеп кіріп, 1986 және 1998 жылы туылған кеңсе қызметкері мен оның інісіне күш қолданып, ұрып-соғып, байлап тастағанын және 200 мың теңге ақшаны алып кеткенін анықтады. Жәбірленушілер медициналық көмекке жүгінген", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда осы қылмысқа қатысты жан-жақты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, күдіктілердің қарақшылық шабуыл бойынша екі жайтқа қатыстылығы анықталды.  

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әл-Фараби ауданында полицейлер жалдамалы пәтердің 61 жастағы иесіне шабуыл жасады деген күдікпен 29 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. 22 желтоқсан күні түнгі уақытта күдікті егде жастағы әйелге шабуыл жасап, сол аяғына пышақ жарақатын салып, ақшасын, алтын бұйымдары мен ұялы телефонын алып кетіп, жәбірленушіге 100 мың теңгеден астам шығын келтірген.

Бұл деректердің барлығы бойынша, ҚР ҚК 192-бабымен (Қарақшылық) қылмыстық іс қозғалды. 

Соңғы бес жылда полицейлер қарақшылық шабуылды кәсіп еткен 70 қылмыстық топты ұстады. Аталған қылмыстық топтардан шыққан 250-ден астам күдікті тергеу абақтысына жабылып, сотқа жолданды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети