09 қыркүйек 2014 22:48

Оңтүстік Қазақстанда бұрынғы шенеунік пара алғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альмира Орманшина. © mediatv.kz Альмира Орманшина. © mediatv.kz

Жеті миллион теңгеге жуық пара алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары сотталды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.


Жеті миллион теңгеге жуық пара алғаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары сотталды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отыра хабарлайды.

Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған аудан аралық сот шығарды. Іс материалдары бойынша Альмира Орманшина қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланған және делдалдар арқылы бірнеше рет әр түрлі сомада ақша алған. Барлығы – алты миллион 850 мың теңге. Осы сомадағы ақшаға ол мемлекеттік сатып алу келісімін бір ЖШС-ның пайдасына жасап беруге уәделескен.

Альмира Орманшина бес жылға бас бостандығынан және үш жыл бойы мемлекеттік қызметтегі басшылық орындарда қызмет ету құқығынан айырылды. Сот пара берушіні де айыпты деп шешті. Ер адам бір жылға сотталды. Ол құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Орманшинаға қомақты сомадағы пара ретінде делдалдар арқылы 850 мың теңге беріп жіберген.

Бірақ Орманшинаның өзі пара алғаны үшін емес, ҚР ҚК-ның 177-бабы бойынша айлакерлігі үшін сотталды. Бұл жерде оның қызметтік міндеттеріне мемлекеттік сатып алуларға араласу жатпайдындығы ескерілген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети