Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Оңтүстік Қазақстандағы мектеп спорт залында атыс ұйымдастырған адам ұсталды

07 Сәуір 2015, 18:38
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептердің бірінің спорт залында атыс ұйымдастырған адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Оның 1981 жылы туылған Арыс ауданының азаматы екені белгілі болды. Қазіргі уақытта, күдікті азаматтың үстінен ҚР ҚК-нің адам өлтіруге оқталу, адам өлтіру және қаруды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға 22 наурызда болған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға болған күні түн ортасында, Арыс АІІБ кезекші бөліміне аудандық орталық ауруханадан, әртүрлі оқ жарақатымен төрт жәбірленуші азаматтың түскені туралы хабар түскен. 1982 жылғы азамат ауыр дене жарақатының салдарынан қайтыс болды. Ал қалған үшеуі: 1981, 1983 жылғы азаматтар мен 2002 жылы туылған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданының азаматтары. 

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері, жергілікті мектептердің бірінің спорт залында футбол ойыны өткізіліп жатқан уақытта, екі азаматтың арасында жанжал туындап, соның салдарынан жәбірленуші азаматтардың оқ жарақаттарын алғанын анықтады. Оқиға орнынан травматикалық тапаншаның 2 резеңке оқ дәрісі және 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтың гильзалары және басқа да айғақ заттар тәркіленді.

Тәртіп сақшылары күдіктілердің кім екенін анықтап, жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында 3 сәуір күні қылмыстың ұйымдастырушысын құрықтады. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай