Оралда әйел адамның мүрдесі табылған. Полиция сурет таратқандарды іздестіріп жатыр

27 Наурыз 2018, 14:53
0
Оралда әйел адамның мүрдесі табылған. Полиция сурет таратқандарды іздестіріп жатыр - © uralskweek.kz
© uralskweek.kz

БҚО ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы Желіде әйел адамның мәйітінің суретін таратқандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды "Уральская Неделя".

Бұл туралы басылымға облыстық ІІД Ішкі қауіпсіздік қызметі басқарма басшысының орынбасары Ерген Тілемісов айтып берді. 

"Қазіргі уақытта біздің басқарма қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде нақты кімнің суретке түсіргенін және мессенджерлер мен әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген суреттерді кімнің таратқанын анықтайды", - деді Ерген Тілесімов. 

Оның айтуынша, суретті ІІД қызметкері түсірді деуге толық сеніммен айту қиын екен. 

"Полиция қызметкері түсірмеген күннің өзінде, әйелдің денесін түсіруге қалай жол бергенін анықтауымыз керек", - деді ІІД қызметкер. Қызметтік тексеру бір айға созылады және БАҚ беттерінде жарияланады. 

Еске салайық, Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны кәсіпкер әйелді өлтірді деген күдікпен ұсталған еді. Полиция мәліметінше, 19 наурызда 08:30-да Орал қалалық ІІБ ғимаратының маңында зорлық белгілері бар 1968 жылғы әйелдің мәйіті табылған. 

"1990 жылғы күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторын қамалды. Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатысы бар жоғы анықталып жатыр. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай