09 маусым 2016 13:34

Оралда белгілі кәсіпкер көңілдесі мен өз қызын өлтіруге тапсырыс берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Көңілдесі мен қызын өлтіруге тапсырыс берген оралдық кәсіпкерге жаза кесілді. Айыпталушы орындығында кісі өлтіруге тапсырыс берген адамнан бөлек оның екі сыбайласы отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Көңілдесі мен қызын өлтіруге тапсырыс берген оралдық кәсіпкерге жаза кесілді. Айыпталушы орындығында кісі өлтіруге тапсырыс берген адамнан бөлек оның екі сыбайласы отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот мәліметтеріне сүйенсек, жергілікті компаниялардың бірінің бас директоры, 60 жастағы Хайрулла Исмағұлов өзінің бұрынғы көңілдесі Ақмарал Тайшыбаеваны өлтіруге тапсырыс берген. Оның мұндай қадамға баруына әйелдің кәсіпкердің үстінен қызы Ләйләні балам деп мойындауы туралы шағымы себеп болған. Тергеу мәліметінше, ол алимент төлемеу үшін және бизнесі мен мүлкін бөліспеу үшін Ақмарал Тайшыбаеваны өлтіруге тапсырыс береді. Айта кетейік, әйел қызымен бірге Ақтөбеде тұрған.

Исмағұлов танысы Арман Төлегеновтен кісі өлтіруші табуға көмек сұрайды. Кәсіпкер жақындарының өмірін 700 мың теңгеге бағалаған екен. Ақшаның жартысын ол алдын ала беріп қойыпты. Істі бұрын сотталған Анатолий Сивухке тапсырады. Ер адам ақшаның жартысын алып, әйелді өлтіруге уәде берген. Дегенмен полиция қылмыс жөнінде біліп қалып, ақпаратты Ақмарал Тайшыбаеваға жеткізген. Осыдан кейін әйел мен қызы күзетке алынды.

Исмағұлов сыбайластарының бірімен ақпанның басында ұсталды. Тергеу амалдары кезінде істің фигуранттары түгелдей қамауда болды. Бүгін Оралдың мамандандырылған ауданаралық сотында айыпталушыларға жаза кесілді. Айта кетейік, Исмағұлов кінәсін жартылай мойындады. Қызы туылғаннан кейін кәсіпкер Тайшыбаеваға 7 миллион теңге берген екен. Кәсіпкердің айтуынша, әйел Исмағұловтың ауру екенін біле тұра, одан ақша талап еткен. Ол отбасылы кәсіпкердің үйіне келіп, жанжал да шығарыпты.

Кәсіпкердің көңілдесі сотта кінәлілерді қатаң жазаға тартуды сұрап, моральдік шығын ретінде 7 миллион теңге және метериалдық шығын ретінде 185 мың теңге өндіруді талап етті. Нәтижесінде судья Исмағұловты 15 жылға қатаң режимдегі колонияға соттады. Ал Төлегенов 15 жылын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Сивух бір жарым жылға шартты түрде сотталды. Сонымен қатар, сот кәсіпкердің көңілдесіне 1,1 миллион теңге төлеуді қаулы етті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети