11 наурыз 2015 16:30

Оралда ер адам бір қызды аяғынан атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©runews24.ru ©runews24.ru

Оралда 8 Наурызда ер адам бір қыздың аяғына оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оралда 8 Наурызда ер адам бір қыздың аяғына оқ атты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Орал қалалық сотымен 8 наурыз күні түнде "Атруим" сауда үйінің жанында екі рет оқ атып, оның біреуін жәбірленушінің аяғына тигізген азаматқа қатысты бұлтарптау шарасы қолданылды", - делінген соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Орал тұрғынының әрекеті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында қарастырылған. Құқықбұзушыға қатысты 500 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кепіл қою түрінде (991 мың теңге - Автор.) бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға қаңтар айында Астанада болды. Полицейлер көшеде өтіп бара жатқан қыздың аяғына пневматикалық тапаншамен оқ атқан 22 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғынын мас күйінде ұстады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети