10 сәуір 2019 16:00

Оралда есірткіге қарсы бөлімнің бұрынғы басшысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қалалық сотында үш полицейге және олардың сыбайласына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"


Орал қалалық сотында үш полицейге және олардың сыбайласына қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД"

Іс материалдары бойынша, Орал қалалық ішкі істер басқармасында тергеуші болып қызмет еткен Ербол Есекенов ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша айыпталған Бағдат Аққұловтың ісін жүргізген 

Мақсат Сейілев Орал қаласы ІІБ есірткіге қарсы бөлімнің басшысы болған, ал Зайдолла Құбашев - жедел әрекет жасағының мүшесі. Олар заңсыз түрде Аққұловты қылмыстық жауапкершіліктен босатып, істі ҚР ҚК 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша рәсімдеген. Аққұловтың пәтерін тінту кезінде кептірілген марихуана салынған 159 сіріңкенің қорабы табылып, тәркіленген", - деді судья. 

Айта кетейік, Есекенов пен Аққұлов өз кінәларын толық мойындады, ал Құбашев пен Сейілев өздеріне тағылған айыппен келіспеді. 

Сот шешімімен Ербол Есекенов ҚР ҚК 413-бабы ("Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату"), ҚР ҚК 416-бабы ("Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау") бойынша кінәлі деп танылып, оған жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 4 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Есекенов полиция капитаны шенінен айырылды.

Зайдолла Құбашев, сондай-ақ кінәлі деп танылып, қылмыс кодексінің ҚР ҚК 413-бабы ("Қылмыстық жауаптылықтан көрiнеу заңсыз босату") бойынша кінәлі деп танылып, оған жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 4 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот Кұбашевті полиция майоры шенінен айырды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің басшысы Мақсат Сейілев ҚР ҚК-нің 413-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 4 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, Мақсат Сейілев полиция майоры шенінен айырылды.

Сот үкімімен Бағдат Аққұлов ҚР ҚК 297-бабы ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, барлық сотталғандар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Сотталушылардың туыстары сот үкімімен келіспейтінін айтты. Алайда олар одан әрі түсініктеме беруден бас тартты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети