05 қазан 2015 11:43

Оралда жүкті әйелді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  mgorod.kz © mgorod.kz

Оралда жүкті әйелді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары Халидулла Дәуешов хабарлады. 


Оралда жүкті әйелді қағып өлтірген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокурорының орынбасары Халидулла Дәуешов хабарлады. 

Прокурор орынбасарының мәліметінше, 4 қазанда 16.34-те жүргізуші П. Бокаушин Lifan автомобилінің рулінде болып, жаяу жүргінші жолында 1988 жылғы келіншекті қаққан, бұдан кейін оқиға орнынан қашып кетпекші болды. Алған жарақатынан келіншек оқиға орнында қаза тапты.

Еске салайық, оқиға 4 қазанда болды. Куәгерлердің айтуынша, Lifan автомобилі Құрманғалиев көшесінде келе жатқан. Ол жаяу жүргінші жолында жол беріп жатқан "ВАЗ-2106" көлігін соғып, оқиға орнынан із жасырды. Бұдан кейін ол сол көшеде келе жатып, келесі жаяу жүргінші жолында бір қызды қағып кеткен. Жүргізуші тағы да оқиға орнынан қашып кетпекші болған, алайда Құрманғалиев-Шолохов қиылысында ол Toyota Land Cruiser автомобилімен соғысып қалып, тұрып қалды.

"Медициналық қорытындыға сәйкес, көлік құралының жүргізушісі орта деңгейде мас болған. Осы дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады прокуратурадағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети