05 ақпан 2016 14:40

Оралда мүлік үшін өз қызы мен оның анасын өлтіруге тапсырыс берген кәсіпкер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Amur.info © Amur.info

Оралда алимент төлеуден қашып, бизнесін бөліп бергісі келмеген кәсіпкер 40 жастағы әйел мен екеуіне ортақ 8 жастағы қызды өлтіруге тапсырыс берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмысқа дайындық жөніндегі хабарлама БҚО Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасына түскен. Қазір әйел мен қызға күзет қойылды. "Қылмыстың жолы кесілді. Жергілікті компаниялардың бірінің 60 жастағы басшысы мен қылмысты ұйымдастырушы - бұған дейін Қазақстан мен Ресейде екі рет сотты болған Оралдың 52 жастағы тұрғыны тіркеуге алынды", - делінген хабарламада.

Тергеу мәліметінше, кәсіпкер алдын-ала төлем ретінде 5 мың доллар ақша төлеген. Күдіктілер 2016 жылдың 2 ақпанында ұсталды. Олар қалалық уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Сотқа дейінгі тергеуді БҚО ІІД Тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Екеуіне де өте ауыр қылмысты ұйымдастырды деген айып тағылады. Ана мен оның баласының өміріне қауіп жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети