Оралда прокурор "шейх Халилді" 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

15 Тамыз 2017, 13:37
0
Оралда прокурор "шейх Халилді" 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады -

Прокуратура "шейх Халилді" - Әбдухалил Әбдужаппаровты "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру" бабы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр, - деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Сот отырысы Оралда өтіп жатыр. Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанның Сауд Арабиясында "шейх Халил" деген атпен танымал болған Әбдухалил Әбдужаппаровты экстрадицияламақшы екені хабарланған болатын.

Ведомство мәліметінше, сотта куәгерлер оның дәрістерін тыңдағанын айтқан.

Куәгерлердің айтуынша, Әбдухалил Әбдужаппаров намаз оқымағандарды "кафирлар" деп атап, жануарлардың етін жемеуге шақырған. Сондай-ақ, прокуратура өкілінің айтуынша,  Әбдухалил Әбдужаппаров мешітте имамдарды тыңдамай, оларға үнемі кедергі келтіріп отырған.

Прокурордың айтуынша, Әбдужаппаровтың кінәлі екенін сараптама көрсетіп отыр. Оның аудиодәрістерінде терроризм насихатталған.

Сотталушының адвокаты өз кезегінде бұл айыптауларды алып тастап, қорғалушысын қамаудан шығаруын сұрап отыр.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, "шейх Халил" Мединеде Қазақстанның тағы бес азаматымен бірге 2015 жылдың 20 желтоқсанында ұсталыпты. Олардың нақты не себеппен қамауға алынғаны белгісіз. Дегенмен Қазақстан ҰҚК жақын күндері Әбдужаппаровтың туыстарына хабарласып, оны жақын арада елге қайтаратындарын хабарлаған. Сонымен қатар, олар туыстарынан Әбдужаппаровқа қатысты "уаххабизмді насихаттады" деген куәлік берулерін сұрапты.

Әбдухалил Әбдужаппаров 1975 жылы ОҚО Сайрам ауданында дүниеге келген. Ислам дінін облыстағы мешіттердің бірінен оқыпты. 1999 жылы Исламбадтағы университеттердің бірін бітіреді. Қазақстанға оралғаннан кейін ол Шымкенттегі Қазақ-Кувейт университетінде сабақ берген. 

Кейін Атырауда, одан соң Орал қаласына көшеді. Сол өңірлерде ол сәләфит идеяларын насихаттаумен айналысқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай