26 мамыр 2022 12:01

"Тұншықтырып, қорқытқан". Оралда студент қызды зорлағандар сотталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Оралда студент қызды зорлаған такси жүргізушісі мен оның досы бас бостандығынан айырылды. Олар қызды тұншықтырып, қорқытқан, - деп хабарлайды "Мой город".


Оралда студент қызды зорлаған такси жүргізушісі мен оның досы бас бостандығынан айырылды. Олар қызды тұншықтырып, қорқытқан, - деп хабарлайды "Мой город".

Былтыр тамызда полицияға 26 жастағы қыз хабарласып, зорланғаны туралы арыз жазған. Полицейлер такси жүргізушісі мен оның досын қамауға алды. Кейін студент болған оқиғаның мән-жайын айтып берген.

Ол inDriver қосымшасы арқылы такси шақырған, бірақ жүргізуші жолаушымен бірге келген. Кейін қызды ешкім жоқ жерге апарып, кезек-кезек тиіскен.

26 мамырда Орал қалалық соты үкім шығарды. Нәтижесінде, сотталушылардың кінәсі дәлелденген.

"Қылмыстық баптың санкциясы бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айыптау актісінде жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жай анықталмады. Заң бойынша бірнеше адам алдын ала сөз байласып жасаған зорлық дерегі үшін жаза 8 жылдан аспауы тиіс. Сот әрқайсына 8 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру түріндегі барынша қатаң жаза тағайындады", - деді Орал қалалық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Кінәлілер жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети