12 сәуір 2014 21:05

Оралдағы ірі компания кеңсесіне шабуыл жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото kp.ru сайтынан алынды Фото kp.ru сайтынан алынды

Оралдағы ірі құрылыс компания кеңсесіне белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлайды "Мой Город" порталы. Сәуірдің 12-і түні қаладағы "Болашақ-Т" фирмасының кеңсесіне белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасаған.


Оралдағы ірі құрылыс компания кеңсесіне белгісіз біреулер шабуыл жасады, деп хабарлайды "Мой Город" порталы. Сәуірдің 12-і түні қаладағы "Болашақ-Т" фирмасының кеңсесіне белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасаған.

Оқиға кезінде екі күзетші зардап шекті. "Жедел жәрдем қызметкерлері оларды бізге таңғы сағат 06:55 жеткізді. Күзетшілердің бірі басынан жарақаттанып, қолы мен иығы зақымданған. Ал екінші күзетшінің басы ғана жарақаттаныпты. Біз оларға алғашқы медициналық көмек көрсеттік", - деді облыстық травматология пунктінің меңгерушісі Құттымұрат Жақсығалиев. Көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендер үйлеріне жіберілген. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде.

Алдын ала мәлім болғанындай, кеңседен ірі көлемдегі ақша жоғалған. Кәсіпорын директоры мәлімет беруден бас тартты, себебі ол қазіргі уақытта іссапарда жүр және орын алған жағдайдан бейхабар.

Бұған дейін, 2013 жылы қыркүйек айында Алматыдағы "Travel Express" компаниясы қызметкерлерін тонаған үш адамның сотталғаны жарияланған. Ол уақытта қарақшылар ірі көлемдегі ақшаны тасымалдаған компания қызметкерлерімен атысқан. Оқиға салдарынан компанияның бір қызметкері қайтыс болса, ал екіншісі ауруханаға жатқызылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети