25 маусым 2017 05:04

Ораза айт мерекесі басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық мұсылмандар үш күндік Ораза Айт мерекесін тойлап жатыр, - деп барлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады. 


Қазақстандық мұсылмандар үш күндік Ораза Айт мерекесін тойлап жатыр, - деп барлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осыған байланысты Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қазақстандықтарды Ораза айтпен құттықтады. 

"Құрметті отандастар, бауырлар! Ораза айт мерекесіне аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Сіздерді мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі - Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын, ағайын! Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады. Еліміздің мұсылман қауымы қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, шарапаты мол айда жасалған ізгі іс-шараларымызға атсалысты. Мешіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық акциялар өтті. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Сауабы теңдессіз осынау қайырымдылық шараларға үлес қосқан отандастарыма өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан "Алла разы болсын" деймін", - делінген Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сайтында жарияланған бас мүфтидің құттықтауында. 

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт - мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам барша халықты ізгілікке ұйытады.

"Қадірлі қауым! Ораза айт мерекесі құтты болсын! Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымызды, берген зекет пен пітір садақаларымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! Әрбір отбасына амандық, жақсылық, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін! Раббымыз баршамызды рамазаннан рамазанға дейін аман-есен жеткізе берсін! Еліміз аман жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болғай! Әумин!", - деп түйіндеді Ержан қажы Малғажыұлы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети