06 желтоқсан 2017 12:02

Өскеменде белгісіз біреулер балабақша қоршауын қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Өскеменде бір топ ер адам түнгі уақытта мектепке дейінгі мекеменің қоршауын қиратып кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде бір топ ер адам түнгі уақытта мектепке дейінгі мекеменің қоршауын қиратып кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосын Tengrinews.kz редакциясына куәгерлер жіберді. 

Видеода ер адамдардың қолмен металлдан жасалған қоршауды қиратып жатқаны түсірілген. Кейбір адамдар арғы бетке өтіп, біреудің аумағына заңсыз кірген. Кейінірек құқық қорғау органдары қызметкерлері келіп, бұзақыларды ұстағаны да түсірілген. 

"Ғимаратқа залал келтіру дерегі сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері басқа да заңбұзушылықтардың алдын алды. Қазіргі уақытта Өскемен қаласы ІІБ-нің Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 2-бөлігі ("Өзiнше билiк ету") бойынша іс қозғалды. Осы іске қатысқан барлық адам ұсталды. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети