24 мамыр 2017 11:01

Өскеменде белгісіздер әйел адамды аяусыз соққыға жыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Өскемен ауруханасында 28 жастағы Виктория Терехова қайтыс болды. Әйел адам 16 мамырда шұңқырдан есінен танып қалған күйі көптеген жарақатымен табылған, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Өскемен ауруханасында 28 жастағы Виктория Терехова қайтыс болды. Әйел адам 16 мамырда шұңқырдан есінен танып қалған күйі көптеген жарақатымен табылған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Бір апта бойы зардап шеккен қыз ауыр халде жансақтау бөлімінде жатты. Викторияның әпкесінің айтуынша, ол көптеген жарақат алған және миы шайқалған. Осы жағдайға бей-жәй қарамаған адамдардан қан тапсыруды өтінді. Оған екі рет ота жасалды, амал не, құтқарып қалу мүмкін болмаған.

Оның әпкесінің айтуынша, қыз Асу-Бұлақ ауылында ата-әжесімен тұрған. Облыс орталығына ол жеке куәлігін қайта жасауға келген, 15 мамырда Виктория әпкесіне қоңырау шалып, достарының үйінде қалатынын жеткізген.

"Маған оның үш жігітпен жүргенін айтты, екеуі - ағайынды, оның таныстары, ол бірнеше рет оларға барған. Үшіншісін білмеймін. Куәгерлер олардың Прохладная дүкенінің жанында отырғанын жеткізді. Ары қарай не болғанын ешкім білмейді. Келесі күні Виканы жырадан тапты. Біреу оны аяусыз соққыға жығып, шұңқырға лақтырып кеткен!", - деді әпкесі Ольга.

Қазіргі уақытта полиция істің мән-жайын анықтап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети