30 тамыз 2014 00:08

Өскеменде бірнеше ардагерді өлтірген ерлі-зайыпты сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Өскеменде бірнеше жыл бойы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін өлтірген ерлі-зайыпты сотталды, - деп хабарлайды "31 арна"


Өскеменде бірнеше жыл бойы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін өлтірген ерлі-зайыпты сотталды, - деп хабарлайды "31 арна"

Рулиха елді мекенінің тұрғындары ардагерлерді түн мезгілінде өлтірген. Олар құрбандарының ордендері мен қаражаттарын алып, үйлеріне от қойған. Сот олардың төрт кісінің өліміне қатысы барын анықтады. Бірақ ауылдастары бұлардың одан да көп адамды өлтіргенін айтады. Себебі Рулихада соңғы бірнеше жылда белгісіз себеппен бірнеше ардагердің үйі түгел өртеніп кеткен.

Қылмыскерлердің ізіне түсуге жергілікті дүкеннің сатушысы көмектесті. Ол жұмыссыз ерлі-зайыптының қомақты қаржы ұстап жүргенін қаперіне сақтап қалған. Сатушының ақпараты бойынша полицейлер күдіктілердің үйінің жертөлесін тінтті. Ол жерден медальдер мен ірі көлемдегі ақшаның қоймасы табылды. "Тұрғындардан сотқа айыпталушылар - Вежновец пен Радионованың өздеріне қауіп төндіретіні туралы 100 адамның қолы қойылған өтініш түсті. Ауыл тұрғындары бұл екеуінен қорқып, соттан оларға ең ауыр жаза беруді сұрады", - дейді Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының 10-басқармасының прокуроры Ерлан Садықов.

Сот алқабилердің қатысуымен өтті. Олар ер адамға қатаң режимдегі колонияда 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді, ал оның әйелі 12 жылға сотталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети