24 қараша 2015 12:25

Өскеменде дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған адамды полицейлер қарумен атып, ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған адамды полицейлер қару қолдануға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Өскеменде дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған адамды полицейлер қару қолдануға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, таңғы уақытта болды. "Таңертең Өскемен қаласы ІІБ Жедел басқару орталығына Жібек маталар комбинаты шағын ауданының Сәтпаев даңғылында орналасқан дүкендердің біріне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Маска киген белгісіз адам дүкенге кіріп, сатушыны тапаншаға ұқсас қарумен қорқытып, кассадан 70 мың теңгені ұрлаған", - делінген хабарламада. 

Күдіктіні ұстау барысында Солжағалау полиция бөлімінің қызметкері табель қаруын қолданды. Қылмыскер жамбасынан жарақат алып, ұсталды. Ұсталған, бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам Өскеменнің тұрғыны екен. Ол аурухана жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ол күзетке алынды.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192 бабының 2 тармағы (қару қолданы қарақшылық жасау) бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Ұсталғанның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы расталды. Соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізілу үстінде", - делінген хабарламада. Ал полиция қызметкерінің қызметтік қаруын қолдану дерегін прокуратура заңды деп таныды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети