Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Өскеменде күзетші өз кезекшілігінде банкті тонады

23 Қараша 2015, 17:32
0
© savebest.ru
© savebest.ru

Облыс орталығында жекеменшік күзет кәсіпорнының қызметкері өзі кезекшілік еткен банкті тонады, - деп хабарлайды YK-news.kz. Ол банкті тонау үшін менеджерлер жоғалтып алған кілттерді пайдаланған.

Басылымның мәліметінше, биыл тамызда 56 жастағы күзетші банктердің бірінің ғимаратынан бір бума кілтті тауып алған. Ол бумада нысанды дабылдан ажырататын электронды кілт пен сыртқы есікті ашатын кілт болған. Оларды банктің менеджерлерінің бірі жоғалтып алыпты. Ал күзетші кілттерді тауып алғанын ешкімге айтпай, оны өзіне қалдыруды ұйғарған.

"Қыркүйек айының соңында ер адам банкті тонауға бел буды. Ол банк қызметкерлерінің жұмыстан кетуін күтіп, ғимаратта ешкім қалмағанда еш қиындықсыз ішке кірді. Күзетші банк терминалын бұзып, ақшасын алып кетті. Ақша толы пакетті тұрақта тұрған көлігінің жүксалғышына салды, өзі үйіне жаяу қайтты", - делінген жарияланымда.

Келесі күні банк қызметкерлері полиция шақыртты. Тексеру барысында құқық қорғаушылар күзетшінің автокөлігінен бір миллион теңгеден аса қаржыны тапты. Алайда банк қызметкерлері терминалда екі миллион теңгеден аса қаражаттың болғанын айтты. Ал күзетші барлық ақшаны жүксалғышта қалдырғанын, өзімен бірге ештеңе алып кетпегенін айтты. Ақыры, күзет кәсіпорны қызметкері келтірген шығынды өтеп берді, ал күзетші Өскеменнің №2 сотымен үш жылға шартты түрде сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай