Өте ауыр жағдай - Қасымов судьяның өлімі жайлы

14 Маусым 2017, 12:36
0
Өте ауыр жағдай - Қасымов судьяның өлімі жайлы - Жанна Бердіғұлова
Жанна Бердіғұлова

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық алқа төрайымы болған Жанна Бердіқұлованың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

"Расында кеше өте ауыр жағдай болды. Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық алқа төрайымы өлі табылды. Қылмыскер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, заттары мен құжаттары тәркіленді. Ал қалған мәліметтер тергеу құпиясы болып қалады", - деді министр есеп беру барысында..

Осыған дейін Көкшетауда Ақмола облыстық сотының апелляциялық-қылмыстық істер жөніндегі алқа төрайымы Жанна Бардіқұлова өлі табылғаны хабарланған еді. Бердіқұлованың мәйіті 13 маусымда табылған. Марқұмның әріптестері оның жақындары мен таныстарына көңіл білдіріп жатыр. Жанна Бердіқұлова небәрі 46 жаста болған.  Жедел-іздестіру шараларының барысында осы қылмысты жасады деген көкшетаулық ұсталған. Ол 1984 жылғы, аса ауыр қылмысы үшін сотты болған. Ол қылмысын мойындаған. Ал кейінірек судьяның әріптестері оқиға жайлы тың деректерді айтып берген болатын.

Жанна Бердіғұлова сот жүйесінде 28 жыл қызмет еткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай