25 мамыр 2015 10:38

Өзбекстан азаматы шекарадан екі бас жылқы алып өтпек болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ©Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жылқылар мен ағаш өнімдерін заңсыз тасымалдауының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.


Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жылқылар мен ағаш өнімдерін заңсыз тасымалдауының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 2015 жылдың 24 мамырында сағат 11:00 шамасында болды. "Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қапланбек" кеден бекетінде осы кеден бекетінің қызметкерлері "Қапланбек" ШББ шекара қызметкерлерімен бірлесіп, Микки атты қызметтік іздестіру итін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасынан Өзбекстан Республикасына бағыт алған Өзбекстан Республикасының азаматы Умаров Сидикжон Ганижоновичтың басқаруындағы мемлекеттік нөмірі №40F290JA, тіркеме нөмірі №405680AA Volvo маркалы автокөлігінде кедендік бақылау жүргізу барысында, автокөлікте жасырын түрде заңсыз алып бара жатқан 2 бас ауыр салмақты жылқы бар екені анықталды. Жүргізушінің сөзінен, ол жылқыларды Ресей Федерациясынан сатып алып келе жатқан", - делінген баспасөз хабарламасында.

Ведомство өкілдері бір күн бұрын, 2015 жылғы 23 мамырда болған тағы бір оқиғаны еске салды. Олардың айтуынша, "Сарыағаш станциясы" кеден бекетінде де Өзбекстан Республикасынан келе жатқан жүк пойызына кедендік бақылау жүргізу барысында, инспекциялық тексеру кешенін қолдану нәтижесінде кеден бекеті қызметкерлерінің №63925044 вагонында декларацияланбаған "кесілген ағаш" тауарларын анықтағанын хабарлады.

Қазіргі таңда, Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз алып өтуге бағытталған екі дерек бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, ал тауарлар тәркіленіп, тиісті шешім қабылданғанға дейін кедендік бақылау аймақтарына орналастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети